Шығыс Қазақстанда төрт бала суға батып кете жаздады

Azattyq Rýhy

ТЖМ азаматтардан судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды

Шығыс Қазақстанда төрт бала суға батып кете жаздады
Фото: t.me/qr_tjm

Бүгін ШҚО Самар ауданының Құлынжон ауылдық округіндегі Бұқтырма су қоймасында шомылу кезінде ересектердің қарауынсыз қалған 4 бала суға батып кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көмекке келген ТЖМ құтқарушылары Нұржан Жолжақсынов, Әсет Тұрсынов, Саян Ерназ және куәгерлердің бірі 2008, 2012, 2011 және 2010 ж.т. балаларды судан құтқарды.

«Құтқарушы Нұржан Жолжақсынов құтқару шеңберінің көмегімен 2011 ж.т. баланы судан шығарып алды. Оның әріптестері Әсет Тұрсын, Саян Ерназ қайықпен басқа балаларға жағаға жетуге көмектесті. Осы сәтте куәгер Асылан Нұрекенов құтқарушыларға көмектесіп, балаларға дейін жүзіп, оларға құтқару шеңберін лақтырды», - делінген хабарламада.

 ТЖМ азаматтардан судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

«Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет», - деп ескертеді төтеншеліктер.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.