10.06.2024, 17:50
Оқиғалар
Тапанша, автоматпен тойланған той: айыптылар ұсталды (ВИДЕО)
Қылмыстық іс қозғалды
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында өткен тойда атыс қаруын қолданған құқық бұзушыларды полиция ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен жылдам қимылдайтын арнайы жасағының жауынгерлерімен барлық құқықбұзушылар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Атыс қаруын қолданған бұзақылық фактісі бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды», - делінген ақпаратта.
Қарулар тиісті сараптамаға жолданды.
Аудандық полиция басшылығына қатысты қатаң шаралар қабылданады.
Бұған дейін Алматы көшелерінде автомат пен тапаншадан оқ атып, той тойлаған жастардың видеосы тарағаны туралы жазған едік.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы