10.06.2024, 12:45
Оқиғалар
Алматыда үйлену тойын автоматпен тойлағандар ұсталды (ВИДЕО)
Полиция департаменті оқ атқандардың жеке басын анықтап жатыр
Әлеуметтік желіде Алматы көшелерінде автомат пен тапаншадан оқ атып, той тойлаған жастардың видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеодан үйлену тойының дөп үстінде аспанға оқ атылғанын аңғаруға болады. Келген қонақтар музыка сүйемелдеуімен ауаға бірнеше рет оқ атқан. Жиналғандар олардың әрекеттерін смартфон камераларына түсірген.
Алматы полиция департаменті қазіргі уақытта оқ атқандардың жеке басын анықтап жатқанын мәлімдеді.
«Алматы облысының полициясы құқық бұзушылардың жеке басын анықтау бойынша қажетті іс - шаралар жүргізуде, олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті түрде жауапқа тартылады», - деп хабарлады ведомстводан.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
