$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.06.2024, 12:37
Оқиғалар

18 миллион теңге пара алған Ақтау қалалық сотының төрағасы ұсталды (ВИДЕО)

Бауыржан Шайдуллиннің ұсталғаны туралы ақпарат бірнеше күн бұрын тараған

18 миллион теңге пара алған Ақтау қалалық сотының төрағасы ұсталды (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі Ақтау қалалық соты төрағасының ұсталғанын растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 550- бабына сәйкес, Бас прокурормен келісілген сотқа дейінгі тергеу аясында Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі Ақтау қалалық сотының төрағасы ұсталды. Ол сенімді адамы – Ақтау қаласының тұрғыны арқылы сотталушыдан оған қатысты бас бостандығынан айырудан басқа жазаға үкім шығару сылтауымен 18 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат алған», - деп хабарлайды Антикор.

Дереккөзге сүйенсек, ол Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамалды.

«Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - деп ескертеді Антикор.

 

Серіктес жаңалықтары