$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.04.2020, 17:51
Оқиғалар

Алматы облысында туған күнін қару-жарақпен атап өтпек болған 19 адам ұсталды

Олар мәнерлеп сырғанаумен айналысатын бір адамның туған күнін тойлау үшін жиналған

Алматы облысында туған күнін қару-жарақпен атап өтпек болған 19 адам ұсталды

Алматы облысының криминалдық полиция қызметкерлері Ақсу ауданында атыс қаруы бар бір топ адам жиналуы мүмкін деген жедел ақпарат қатысты шара қолданып, құқықбұзушылыққа апаратын бұл әрекеттің жолын кесу үшін жедел-тергеу тобы мен полицияның арнайы жасағы құрылған. Бұл туралы ІІМ Алматы облысы бойынша Криминалдық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осылайша, Қапал ауылының шетінде орналасқан Кіші Шымбұлақ елдімекенінде 5 автокөлікке мінген 19 адам ұсталған.

«Олар мәнерлеп сырғанаумен айналысатын бір адамның туған күнін тойлау үшін жиналған. Облыс орталығының тұрғындарына тиесілі «Тойота Камри 50» және «Лексус 330» маркалы автокөліктерін тексеру кезінде 4 травматикалық тапанша, 1 атыс қаруы және 43  патрон тәркіленді. Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды», - делінген ақпаратта.

Төтенше жағдай кезінде карантин режимін бұзғаны үшін 19 адамға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар ұсталған азаматтардың тұрғылықты жері бойынша сот қарауында жіберілген. Ұсталған 4 адамнан атыс қаруы тәркіленіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары