«Болашақтың» заңсыз берген екі пәтеріне біз жауапты емеспіз»: Гавриленкоға кепіл болғандар әділдікті талап етеді

Аягөз Құрмаш

Сот аппеляциялық сатыда қаралып жатыр

«Болашақтың» заңсыз берген екі пәтеріне біз жауапты емеспіз»: Гавриленкоға кепіл болғандар әділдікті талап етеді
Фотоколлаж: Azattyq Ruhy/Әбілқасым Есентаев

«Болашақ» бағдарламасының аясындағы дау-дамай әлі де толастар емес. Лондон асқан Валерия Гавриленконың әрекетіне қатысты кепілгерлер аппеляциялық сотта өз құқықтарын қорғап жүр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Журналист Мақпал Дәрібаева осыған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтқан Валерия Гавриленкомен жасалған келісімшартты көрмегендерін айтады.

«Өткенде министр Саясат Нұрбек айтқан Гавриленкомен келісім жасадық деген сөзін дәлелдейтіндей келісімшартты көре алмадық. Ол келісімшарт бар ма, жоқ па, күмән келтіреді. Біздің болжауымызша, ол келісімшарт жоқ. Сот бізге «Болашақпен» медиация жасауға уақыт берді. Біздің тек бір ғана талабымыз бар. Қазіргі таңда заңсыз кепілдіктен шығарылған екі үйдің қаржысын есептеттік. Ол шамамен 25-26 млн-ға жуық ақша. Одан басқа Гавриленконың 1,3 млн төлеген ақшасы бар, одан қалған 1,5 млн теңге ақша бар. Соны біз бөліп төлеуге келісеміз. Сол кезде әделітті болады деп ойлаймын. Себебі «Болашақтың» заңсыз берген екі пәтеріне біз жауапты емеспіз», - дейді Мақпал Дәрібаева.

2016 жылы Дәрібаева Мақпал мен Наталья Воробьева «Болашақ» арқылы шетелге оқуға түскен журналист Валерия Гавриленкоға кепіл болады. Ал Гавриленко 2019 жылы «Болашақ» қызметкерлерімен сөз байласып, кепілде тұрған екі пәтерін шығарып, оларды сатып, Ұлыбританияға қоныс аударған. Ал «Болашақ» кепілгерлерден пәтердің құнын қайтаруды талап етіп отыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.