Елімізде 50 градус ыстық болады – бұл ақпарат рас па

Azattyq Rýhy

Синоптиктер WhatsApp-та тараған ақпаратқа пікір білдірді

Елімізде 50 градус ыстық болады – бұл ақпарат рас па
Фото: istockphoto.com

WhatsApp мессенджерінде «40 күн бойы ауа температурасы көтеріліп, 50 градусқа дейін ыстық болады» деген хабарлама қазақстандықтар арасында тарады. Алайда, бұл жалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Маусымдық болжамдар консультативтік болып саналады. Олар қысқа мерзімді болжамдармен нақтыланып отырады. «Қазгидромет» бір тәулікке, 3 күнге және бір аптаға болжам жасайды. Айлық болжамдардың тек 70% ғана орындалады.

Қазақстанда қуаң дала аймақтар бар. Атап айтқанда, Түркістан облысы. Бұл өңірде жазда ауа температурасының 40 градусқа дейін көтерілуі – қалыпты жағдай.

Әлемнің бірде-бір елінде синоптиктер тұтас бір маусымға болжам жасамайды. Олар жорамалдап айтады. Дамыған елдерде болжам бір күнге, 3 күнге және бір аптаға жасалады. Есесіне, апталық болжамдар да нақтыланады. Болжам ұзақ мерзімге жасалса, ол нақты жағдайға сәйкес болмайды.

Интернетте жарияланған ақпаратқа емес, тек ресми дереккөздерге ғана сеніңіз.

Алдағы жазға арналған консультативтік болжаммен біздің ресми порталымызда таныса аласыздар», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.