03.06.2024, 16:17
Оқиғалар
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды
Ол – ресейлік маман
Фото: kff.kz
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне ресейлік маман Станислав Черчесов тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаттықтырушы ретінде Ресейдің «Спартак» (Мәскеу), «Жемчужина», «Терек», «Амкар», «Динамо» (Мәскеу) сынды командаларда жұмыс істеген. Сондай-ақ Станислав Черчесов Польшаның «Легиясын», Ресей құрамасын және Мажарстанның «Ференцварошын» басқарды.
Бапкерлік мансабындағы жетістіктері:
- Ресей чемпионатының күміс жүлдегері (2007)
- Польша чемпионы (2015/16)
- Польша кубогының жеңімпазы (2015/16)
- 2018 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалы (Ресей құрамасымен)
- Мажарстан чемпионы (2021/22, 2022/23)
- Мажарстан кубогының иегері (2021/22)
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды