Соңғы 4 айда алаяқтар қазақстандықтарды 11 миллиард теңгеге алдаған

Azattyq Rýhy

Елімізде алаяқтардың 50 миллионға жуық қоңырауы бұғатталды

Соңғы 4 айда алаяқтар қазақстандықтарды 11 миллиард теңгеге алдаған
Фото: istockphoto.com

Елімізде алаяқтардың 50 миллионға жуық қоңырауы бұғатталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Мұндай деректер бүгін ІІМ брифингінде айтылды.

Ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, биылғы жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанда 11 миллиард теңгеден астам сомаға залал келтірген 6,5 мыңнан астам интернет-алаяқтық оқиғасы тіркелген.

«Алаяқтар сіздің деректеріңізді немесе ақшаңызды алдап алу үшін банктер, құқық қорғау органдары немесе басқа мемлекеттік органдары қызметкерлері атынан сөйлейді. Байланыс операторларымен бірге мұндай қоңыраулар бұғатталып, 49 миллионнан астам әрекет тоқтатылды. Алаяқтар азаматтарды «қауіпсіз» шотқа ақша аударуға немесе несие алуға сендіру үшін WhatsApp сияқты танымал мессенджерлерді пайдаланады. Биыл осындай екі мыңға жуық жағдай тіркелді. Олар сондай-ақ қашықтан қол жеткізуге арналған қосымшаларды орнатуды және SMS-кодтарды жіберуді сұрауы мүмкін, бұл алаяқтарға сіздің қаржыңызды басқаруға мүмкіндік береді», - деді Алекешев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.