Сыртқы істер министрлігі Зеленскийдің сұхбатына қатысты мәлімдеме жасады

Аягөз Құрмаш

Сұхбат жайлы ақпарат СІМ желісі бойынша өтпеген

Сыртқы істер министрлігі Зеленскийдің сұхбатына қатысты мәлімдеме жасады
Foto: DER SPIEGEL

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украина президенті Владимир Зеленскийдің Орталық Азиядан келген журналистерге берген сұхбатына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы ретінде мен Украина басшылығының сұхбатына түсініктеме бергім келмейді. Бірақ біз мұны назардан тыс қалдыра алмаймыз. Украиналық тарап бұл жобаға өз бетінше бастамашылық жасап, Қазақстанның бірқатар жекеменшік БАҚ өкілдерін Киевке шақырды», - дейді ол.

Ол атағандай, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің желісі бойынша, яғни ресми дипломатиялық арналар арқылы бұл ақпарат өтпеді.

«Бұл сұхбат бізге өте күмәнді болып көрінеді. Себебі онда ұтымдылықтан гөрі эмоция көп болды. Украиналық БАҚ арқылы қазақстандық аудиторияға жүгіну оңайырақ болар еді»,- деп қосты ол.

Естеріңізге сала кетейік, 24 мамырда Украина басшысы Харьковта Орталық Азиядан келген журналистерге арналған брифинг өткізді. Ол аймақ елдері көшбасшыларының саясаты және оларды бейбітшілік саммитіне шақыру туралы пікір білдірді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.