30.05.2024, 16:02
Оқиғалар
Бауыздап, көмген: бұрынғы әскери қызметші Маңғыстауда кісі өлтірді деп күдіктелуде
Үш күдіктінің екеуі ұсталды
Фото: freepik.com
Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысында ер адамды ұрлап, аяусыз өлтіргені туралы ақпарат пайда болды. Күдіктілер ұсталды. Олардың қатарында бұрынғы әскери қызметшілер бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Egovpress Telegram арнасының айтуынша, полицейлер 59 жастағы ер адамды ұрлап, өлтірді деген күдікпен екі әскери қызметкерді ұстаған. Тергеу мәліметтері бойынша, олар өлтірілген адамның басын кесіп, көміп тастаған. Күдіктілердің тағы бірі қашып кетті деп болжануда.
«Адам ұрлап, өлтірді деген екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіледі. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді