Әлдекімдер Медеудің әдемі жерлерін алып алған
Бұл туралы Алматы прокуратурасы хабарлады
Алматы қаласының прокурорлары «Медеу» табиғи паркінің жерлерін қайтарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бәріміз білетіндей, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды алып жатқан жерлер жекеменшiкке беріле алмайды. Алайда, Алматы прокуратурасы хабарлағандай, 2020 жылы табиғи парк аумағында жеке тұлғалар ауданы 35 га 10 жер учаскесіне меншік құқығын тіркеген.
«Бұған Горнооктябрь ауыл әкiмшiлiгiнiң 1994-1997 жылдардағы жер учаскелерiн бөлу туралы шешiмдерiнiң бар екендігі жөнінде мұрағаттық анықтамалар негiз болды. Мұрағаттық анықтама құқық белгілейтін құжат болып табылмайтынына қарамастан, тіркеуші орган меншік құқығын заңсыз тіркеген. Алматы қаласының прокуратурасы аталған анықтамаларды және жер телімдерін иеліктен шығару жөніндегі кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінген», - деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.
Сот прокурордың талап-арыздары қанағаттандырып, «Медеу» табиғи паркіне кадастрлық құны 3 млрд. теңге сомасындағы жер телімдерін қайтарған.