$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Миллиардтаған бюджет қаржысын ұрлаған Жексенғалиев 6 жылға сотталды

Оның қылмыстық жолмен тапқан 4,7 млрд теңгеге шақ мүлкі тәркіленді 

Миллиардтаған бюджет қаржысын ұрлаған Жексенғалиев 6 жылға сотталды
Фото: Istockphoto

ҚР ҚМА мәлімдемесіне сәйкес, бизнесмен Жексенғалиев 4,3 млрд теңге бюджет ақшасын қылмыстық жолмен тапқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ол ұрланған қаражатты заңдастырмақ болған. Қаржылық тергеу нәтижесінде қылмыстық активтерді жылыстатудың күрделі схемасы зерттелді.

«Жексенғалиев мемлекеттік бюджеттің 1,1 млрд теңгесін жымқырып, оны өзінің жалған кәсіпорындарының шотына аударған. Содан кейін шоттағы теңгені шетел валютасына ауыстыру операциясын жүргізген. Сондай-ақ ол  ұрланған қаражатты жылыстату үшін жылжымайтын мүлікпен жалған мәмілелер жасаған, яғни жер телімдерін сатып алып, құрылыс компанияларына өткізіп, пайдалануға берілген үйлерден сыйақы ретінде  пәтерлерді алып отырған», - делінген хабарламада.

Сотталушы қылмыстық жолмен тапқан ақшасын заңдастыру, жылыстатумен 2019-2022 жылдар аралығындай айналысқан. Жексенғалиевтің 4,7 млрд теңгелік мүлкі тәркіленді.

Еске салсақ, кәсіпкер Кәсіпкер Әнуарбек Жексенғалиев өзінің сыбайласы Медетбековпен бірге 2022 жылы маусым айында қашқында жүрген жерінен ұсталды.

Серіктес жаңалықтары