$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.04.2020, 13:02
Оқиғалар

44 жыл түрмеде отырған азамат бостандыққа шығар сәтте коронавирустан көз жұмды

Ол 1976 жылы адам өлтіргені үшін сотталған екен

44 жыл түрмеде отырған азамат бостандыққа шығар сәтте коронавирустан көз жұмды

АҚШ-та 44 жылын түрмеде өткізген сотталушы бостандыққа шығар алдында коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы CNN агенттігі хабарлайды.

60 жастағы Уильям Гаррисон 1976 жылы қарулы тонау барысында адам өлтіргені үшін 44 жыл мерзімге сотталып кетіпті.  

Қылмыс жасаған кезінде ол небәрі 16 жаста болған екен. 

«Жасының ұлғайғанына және қауіпті вирус жұқтырып алу қаупіне байланысты сотталушыға мерзімінен бұрын абақтыдан шығуға рұқсат берілген еді, алайда ол жаза мерзімін толық өтеп шыққанды дұрыс көрген», - делінген агенттік хабарламасында.

Өкінішке қарай, америкалық азамат бостандыққа шығуына бірнеше апта қалған уақытта коронавирус жұқтырып қайтыс болды. 

Айта кетсек, қазіргі таңда әлемде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 2 млн 481 мың адамға жетті. Олардың 170 мыңнан астамы бақилық болды. 

Серіктес жаңалықтары