«Мал жаюға кеткен»: Жетісу облысында жоғалған жігіттің денесі табылды
Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды

Жетісу облысы Көксу ауданында төрт күн бұрын жоғалып кеткен 29 жастағы жігітттің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ПД хабарлауынша, 23 сәуірде Көксу ауданының полиция бөліміне ұлының жоғалғаны туралы арызбен Еңбекшіқазақ ауылының тұрғыны жүгінген. Оның айтуынша, 29 жастағы жігіт мал жаюға шығып, оралмаған.
«Жоғалған адамды іздеуге аудандық полицияның барлық жеке құрамы, жергілікті тұрғындар мен еріктілер бағытталды. Сол күні жоғалған жігіттің жылқысы Ескелді ауданының Жаңалық ауылында табылды. Көрші ауылдарды Көксу өзені бөліп тұрғаны ескеріліп, іздеуге облыс құтқарушылары қосылды. 27 сәуірде іздеу іс-шараларының барысында жоғалған адамның зорлық-зомбылық белгілерінсіз мәйіті Көксу өзенінің түбінде табылды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды», – деді ПД бастығының орынбасары Елдар Абдикенов.