27.04.2024, 21:22
Оқиғалар
Атырау облысында полицейлер базардан шыққан өртті ауыздықтады
Олар өртті қолда бар жабдықтарымен сөндірген
Бейнеден кадр
Атырау облысындағы Индер базарында шыққан өртті полицейлер дер кезінде ауыздықтап үлгерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау облысы Индер ауданында 27 сәуір күні сағат 01:00 базар ішінен өрт шыққан. Аудандық полиция бөлімі бойынша тексеруші болған бөлім бастығының орынбасары Арман Кубашев аумақты аралау кезінде қызыл жалынды байқап қалған. Дереу қауіпсіздік шараларын қолға алып, жақын маңдағы әріптестерін шақырған.
Индер ауданы полиция бөлімі патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары Юрий Гоменюк пен Нұрберген Алтынбеков қолда бар құралдармен өртті ауыздықтап, тілсіз жау зардабының алдын алды.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды