21.10.2019, 09:04
Оқиғалар
Нұр-Сұлтанда ер адам әйелін атып өлтіріп, баласын жаралады
Күдікті алкогольді ішімдік ішіп алған
Көрнекі фото
Елордада отбасылық жанжалдың соңы қайғылы жағдаймен аяқталды деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Мылтықтың оғынан 55 жастағы әйел мен 5 жасар баланың жараланғаны туралы ақпарат полицейлерге 20 қазан күні сағат 22:19-да келіп түскен.
«Отбасылық жанжал кезінде 59 жастағы ер адам өзінің әйелін атып, өзге әйелден туған ұлын жаралағаны анықталды. Күдікті алкогольді ішімдік ішіп алған. Әйел адам алған жарақаттан қайтыс болса, кішкентай бала ауруханаға жеткізілді. Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазіргі таңда адами өлтірді деп күдікке ілінген ер адам қамауға алынды.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы