$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.10.2019, 15:22
Оқиғалар

Бағдат Мәнізоров 14 қазаннан бастап еңбек демалысына шыққан

Azattyq Rýhy тілшісі Бағдат Мәнізоровтың Алматыдағы зәулім баспаналардың бірінде тұратынын анықтады 

Бағдат Мәнізоров 14 қазаннан бастап еңбек демалысына шыққан

Құзырлы органдар соңғы 20 күннен бері Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қатысты нақты ақпарат беруге асықпай отыр. Алайда оның соңғы жұмыс орнынан ақысыз еңбек демалысқа шыққаны белгілі болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісі хабарлайды.

«Бағдат Сайланбайұлы 14 қазаннан бастап айдың соңына дейін ақысы төленбейтін еңбек демалысына шықты. Бірақ оның нақты қайда екені белгісіз, ал тергеу жүргізіп жатқан құзырлы органдардан облыстық әкімдікке қандайда бір ресми құжаттар түскен жоқ», - дейді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел .

Бұған дейін облыс әкімдігінің өкілдері 30 қыркүйектен бастап Б.Мәнізоровтың денсаулығына байланысты жұмысқа жарамсыздық қағазын аштырғанын айтқан еді.

Біздің тілшілер Бағдат Мәнізоровтың Алматыдағы зәулім баспаналардың бірінде тұратынын анықтады. Дереккөздердің айтуынша, Медеу ауданына қарасты Исатай Тайманов көшесінде орналасқан төмендегі үй Алматы облысы әкімі орынбасарына тиеселі екен.

Үйді мамандандырылған күзет фирмасының қызметкерлері күзетеді. 2GIS - Maps&Navigation қалалық ақпарат қызметінің спутниктік түсіріліміне қарағанда, «Горный Гигант» ықшам ауданындағы жердің аумағы кең, ал негізгі үй төрт деңгейлі етіп салынған. Ауласында қосалқы шаруашылық үйі, гүлзарлар мен субұрқақ орналасқанын байқауға болады.

Айта кетейік, Алматы облысы әкімінің орынбасары Б.Мәнізоровтың «қамалғаны» туралы ақпарат 26 қыркүйек күні тарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов 2 қазанда Мәнізоровтың ірі көлемде алаяқтық жасаған деген күдікке ілінгенін ресми мәлімдеді.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары