Мәнізоров денсаулығы түзелген соң жұмысқа шығады – әкімдік
Жуырда ғана ресми БАҚ-тар ұсталды деп хабарлаған Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров денсаулығына байланысты емделуге шыққан, деп хабарлайды Азаттық рухы тілшісі
Мәнізоровтың қайда екені туралы ақпаратты Алматы облысы баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жукел мәлімдеді. Әкімдік өкілінің айтуынша, Мәнізоров 30 қыркүйектен бастап еңбекке жарамсыздық қағазын аштырған.
«Ол өткен аптаның дүйсенбісінен бері ауруханада. Жұмысқа қашан шығатыны белгісіз. Қалай денсаулығы дұрысталады, сол кезде жұмысқа шығатын шығар», - деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы әкімінің орынбасары Б.Мәнізоровтың «қамалғаны» туралы ақпарат 26 қыркүйек күні тарады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Мәнізоровтың ірі көлемде алаяқтық жасаған деген күдікке ілінгенін ресми мәлімдеді.