Атырау облысында пәтер өртеніп, екі бала көз жұмды

Тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

Атырау облысында пәтер өртеніп, екі бала көз жұмды
Фото: Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Атырау облысында пәтер өртеніп, екі бала қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Атырау ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 сәуірде сағат 5:37-де Индер ауданы Индербор кенті Махамбет көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінде түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде бес қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтердің толық жанып кеткенін анықтады.

«Өрт кезінде үйдің жатын бөлмесінен 2014 жылы және 2017 жылы туған екі баланың денесі табылды. Сондай-ақ, балалардың анасы - 1995 жылғы әйел мен 1994 жылы туған ер адам ес-түссіз күйде табылып, аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді», - деп жазылған хабарламада.

Өрт сағат 06:02-де оқшауланып, сағат 06:10-да толықтай сөндірілді.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.