25.04.2024, 16:32
Оқиғалар
Алматыда жолдың қақ ортасында автобус өртеніп кетті
Өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ
Видео: t.me/truestorykz
Алматыда жолдың қақ ортасында автобус өртеніп кетті. Оқиға Жетісу ауданындағы Раймыбек-Сүйінбай даңғылының қиылысында болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«25 сәуірде сағат 15:05-те ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданына, Райымбек даңғылына, Сүйінбай көшесінің қиылысына автобустың өртенгені туралы хабарлама бойынша жіберілді. Жағдай бақылауға алынды. Өрт 15:16-да өшірілді», – деп хабарлады Алматы ТЖД баспасөз қызметінен.
Өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды