$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.04.2020, 10:23
Оқиғалар

Үндістанда ота жасауды күтіп отырған қазақстандықтар елге оралды

Ол үшін арнайы рейс ұйымдастырылды

Үндістанда ота жасауды күтіп отырған қазақстандықтар елге оралды

Үндістанда ота жасауын күтіп отырған Қазақстан азаматтарының  өтініші бойынша ҚР Денсаулық сақтау және Сыртқы істер министрліктері Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің атсалысуымен «SCAT» әуекомпаниясының арнайы чартерлік рейсін ұйымдастырды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«COVID-19 індетіне байланысты елдеріміз арасындағы азаматтық әуе қатынасының уақытша тоқтатуына қарамастан, қазақстандық дипломаттар Ченнаи және Мумбаи қалаларынан біздің азаматтарымызды елге қайтару үшін Үнді тарапымен келісімге қол жеткізді. Осылайша, 18 сәуірде Алматы қаласына ҚР 6 азаматы (3 пациент және 3 еріп жүруші) жеткізілді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, үнді тарапының бастамасы бойынша осы рейспен Қазақстанға коронавируспен күресу үшін гуманитарлық көмек ретінде 30 мың дәрі-дәрмек жіберілді.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Үндістан Үкіметіне достық ықыласы үшін алғыс білдіреді және бұл бастама біздің елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік рухына толық сәйкес келетінін атап өтеді.

Серіктес жаңалықтары