$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.04.2020, 09:57
Оқиғалар

Hyundai Trans Kazakhstan жыл соңына дейін 30 мың көлік шығаруды көздейді

Зауыт құрылысы 2019 жылдың 21 сәуірде басталды

Hyundai Trans Kazakhstan жыл соңына дейін 30 мың көлік шығаруды көздейді

Бір жылдан аз уақыт ішінде барлық өндірістік корпустар (құрастыру, дәнекерлеу цехтары, пластикалық бөлшектерді бояу цехы, компоненттер қоймасы), дайын өнім қоймасы, дайын автомобильдерді сынауға арналған жол, сыртқы және ішкі инженерлік желілер салынды, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Қазіргі уақытта құрастыру цехы пайдалануға берілді, автомобильдерді құрастыруға арналған конвейердің іске қосу-реттеу жұмысы, сынауға арналған жол аймағы табысты аяқталды. Сонымен қатар Hyundai Motor Company техникалық аккредитациядан өтті және қазірдің өзінде Қазақстан нарығына алғашқы автомобильдерді шығарды.

«2020 жылдың қазанына дейін шанақтарды дәнекерлеу мен бояудың, сондай-ақ пластикалық бөлшектерді бояудың технологиялық жабдықтарын монтаждау, баптау және тестілеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бүгінде 9 млрд. теңгеден астам сомаға тапсырыс берілген жабдықтардың 80% - ы: дәнекерлеу жабдығы, шанақты дәнекерлеуге арналған кондуктор, катафорез ванналары, шанақты алдын ала өңдеу жүйесі, кептіруге арналған пештер, сырлау камералары, бояуға арналған циркуляциялық қондырғылар және басқа да жабдықтар бар. Нысанның құрылысы мен іске қосу-жөндеу жұмыстарында 200-ден астам адам және 39 бірлік техника жұмыс істейді», - делінген ақпаратта.

2020 жылдың соңына дейін жылына 30 мың бірлік техника шығару көзделіп отыр. Қазіргі уақытта өндірісте 100-ден астам адам жұмыс істейді. Жылына 45 мың бірлік техникаға дейін жобалық қуатқа шығу 2023 жылға жоспарлануда.

Серіктес жаңалықтары