Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 15 адам тіркелді
18 сәуір, 22:30-дағы эпидемиологиялық жағдай
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 15 адам тіркелді, Алматы қаласында - 1, Қостанай облысында - 6, Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Батыс Қазақстан облысында – 7 адам деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 366 адам, Алматы қаласында – 506 адам, Қарағанды облысында - 89 адам, Ақмола облысында - 81 адам, Атырау облысында - 76 адам, Жамбыл облысында - 58 адам, Шымкент қаласында - 58 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 41 адам, Ақтөбе облысында - 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 29 адам, Павлодар облысында - 18 адам, Маңғыстау облысында - 12 адам, Қызылорда облысында - 143 адам, Батыс Қазақстан облысында - 46 адам, Түркістан облысында - 57 адам, Қостанай облысында - 15 адам, жалпы 1630 науқас тіркелді», - делінген хабарламада.