Павлодар облысында зейнеткер балаларға азғындық жасаған

Бұл жантүршігерлік оқиғалар балаларды іздеуге бергеннен кейін белгілі болды

Павлодар облысында зейнеткер балаларға азғындық жасаған
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында 80 жастағы зейнеткер екі балаға азғындық жасаған. Ер адам қамауда отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл аймақта кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы бойынша 16 қылмыс анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық полиция департаменті ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина мәлім етті.

«2024 жылдың бірінші тоқсанында кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық іс-шара барысында әкімшілік учаскелерде кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы қарсы 16 қылмысты анықтады», – дейді Бибігүл Қамзина.

Мұндай қылмыстардың екі фактісі қылмыстық істерді тергеу кезінде белгілі болды. Ал салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылдың осы кезеңінде жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы тоғыз қылмыс жасалған.

Аға инспектордың айтуынша, ағымдағы жылдың 18 наурызында оңтүстік полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспекторы балалар емдеу мекемесінің әкімшілігімен әңгімелесу кезінде туысы жеткіншекке азғындық жасағаны туралы фактіні анықтаған. Аталған жайт бойынша 124-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Жасөспірім балалар көбінесе жақын ортадағы адамдар тарапынан жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды», – дейді спикер.

Мысалы, тіркелген 16 қылмыстың ішінде біреуі – әкесінен, екеуі – өгей әкесінен, біреуі – анасымен бірге тұратын ер адамнан, біреуі – көршісінен және сегіз бала достары мен таныстарынан зәбір көрген. Тек біреуі бейтаныс адам болып шықты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.