$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Bek Air апаты: іс бойынша 150 сот-медициналық сараптамасы жүргізілді

Бас көлік прокуратурасы қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері аяқталғанын хабарлады

Bek Air апаты: іс бойынша 150 сот-медициналық сараптамасы жүргізілді
Фото: Бас көлік прокуратурасы

Көліктегі полиция департаменті Алматы әуежайында 2019 жылдың 27 желтоқсанында болған «Fokker-100» «Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауы фактісі туралы қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерінің аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«4 мыңнан астам тергеу әрекеттері (2000 тексеру, 1350 жауап алу, 250 алу), 150 сот-медициналық сараптама және арнайы зерттеулер жүргізілді.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде прокуратура Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бельгия, Германия, Люксембург, Нидерланды және т.б. шет мемлекеттерден халықаралық құқықтық көмек көрсету туралы өтініштерге іс үшін маңызы бар қажетті құқықтық-техникалық ақпарат алынды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары