03.04.2024, 16:16
Оқиғалар
Бишімбаев қысым көрсетіп жатыр - Бақытжан Байжанов
Судья бұл мәселенің қарастырылатынын айтты
видеодан скриншот
Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысында Бақытжан Байжанов Қуандық Бишімбаевтың өзіне қысым жасап жатқанын айтты. Ол судьядан өзін Бишімбаевтан бөлек отырғызуды сұрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Маған былай айт, былай деп жауап бер» деп қысым көрсетіп отыр», - деді Байжанов.
Ал оның қорғаушысы «Бишімбаев пен Байжанов сөз таластырып қалды. Бишімбаевтың Байжановқа сөйлейтін мүмкіндігі болмайтындай етіп, оларды бөлек отырғызуға бола ма?», деп сұрады.
Судья бұл мәселенің қарастырылатынын айтты.
Еске салсақ, Бақытжан Байжановқа Қуандық Бишімбаевтың қылмысын жасыруға көмектесті деген айып тағылған.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
