Абай облысында су басқан аймақтан екі шопан құтқарылды
Көкпекті өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты олар қыстаққа өз бетінше орала алмаған
Абай облысында екі шопан құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Абай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеше сағат 17:30-дан бастап Абай облысының Көкпекті ауданында 1985 және 1990 жылы туған екі шопан ҚМ-нің МИ-17 тікұшағының көмегімен іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Шопандардың айтуынша, олар малды айдауға шыққан, бірақ Көкпекті өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты қыстаққа өз бетінше орала алмаған.
«Құтқарушылардың қабылдаған шараларымен 39 жастағы ер адам «Тассай-Көкпекті» автожолының көпірінен табылды, оны қайықтың көмегімен жағаға жеткізді. 33 жастағы екінші адам таңертең Көкпекті өзенінің маңындағы аралдан табылды. Ол Ми-17 тікұшағының көмегімен жағаға жеткізілді», - делінген хабарламада.