«Ұрып-соғып, ақша бопсалаған»: Қарағандыда қылмыстық топ қолға түсті

Жәбірленушілер - «Қармет» АҚ қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер және ЖОО студенттері

Қарағандыда қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері прокуратурамен бірлесіп, қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды, Жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы топтың 12 қылмысқа қатысы бары анықталды. Жәбірленушілер «Қармет» АҚ қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер және жоғары оқу орындарының студенттері болып табылады.

Күдіктілер қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, қылмыс жасаған. Олар азаматтарды ұрып-соғумен, мүлікті тартып алып, ақша бопсалаумен айналысқан.

«Жалпы топтың 25 мүшесі ұсталды. Оның ішінде ең белсенді 10 адам қамауға алынды. Тінту барысында атыс және суық қару, оқ-дәрі, діни әдебиет пен ірі көлемде қаражат тәркіленді. Қазіргі таңда олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді», – деді департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.