24.03.2024, 23:57
Оқиғалар
Ақтөбеде 4 жасар бала ауыл маңындағы суға батып кетті
Оның жанында болған тағы бір бала дін аман
Фото: freepik.com
Қайғылы жағдай Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ебейті ауылында тіркелді. Ойнап жүрген бала құлап, су жұтып қойған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға бүгін сағат 13:00 шамасында тіркелді.
«Ебейті ауылының жанында Ебейті сайы бар. Оған қар суы жиналып жатыр. Бүгін 2020 жылы туған 4 жасар бала суға батып, қайтыс болды. Балалар сол маңда ойнаған»,- деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Оның жанында болған тағы бір бала дін аман. Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпеновтің айтуынша, сай ауылдан 150 метр жерде орналасқан, тереңдігі шамамен 10-15 см болады. Ол жерде ауылдағы ағайындалардың балалары барып ойнаған. Ебейті ауылы су басу қаупі бар ауылға жатпайды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
