19.03.2024, 17:29
Оқиғалар
Түркістан облысында құдыққа құлап кеткен қыз көз жұмды
Оның құдыққа қалай түсіп кеткені әзірге жұмбақ күйінде қалып отыр
видеодан скриншот
Түркістан облысында құдықтың құбырына құлап кеткен қыз қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК-ға сілтеме жасап.
29 жастағы қыз тар құбырға түсіп кеткеннен кейін көз жұмды. Оның ол жерге қалай түсіп кеткені әзірге жұмбақ күйінде қалып отыр.
30 құтқарушы бірнеше сағат бойы қызды құбырдың түбінен алып шығуға тырысты. Олар тіпті жергілікті тұрғынның көмегіне жүгінді. Жер бетіне көтерілгенде, қыз әлі тірі еді. Бірақ бірнеше минуттан кейін ол жан тапсырған.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға кеше таңертең Майтөбе ауылының маңында болған. Қыз құдықтың құбырына құлап кетті немесе оны біреу итеріп жіберді. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді