18.03.2024, 17:28
Оқиғалар
Түркістан облысында құдықтың құбырына құлап кеткен қыз құтқарылды
29 жастағы қыз құтқарылған кезде ес-түссіз күйінде болған
Видео: Instagram/turkistan_tjd
Түркістан облысында құдықтың құбырына құлаған 29 жастағы қыз шығарып алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгін сағат 09:18-де 1994 жылы туған азаматшаның Түркістан облысы Майтөбе ауылының маңындағы ашық алаңда орналасқан дренаж құдығына құлағаны туралы хабар түскен.
Сағат 12:06-да жергілікті тұрғын құдыққа түсіріліп, 12:14-те қызды құдықтан ес-түссіз күйінде шығарып алды», - делінген хабарламада.
Құтқару жұмысына ТЖД, жедел жәрдем, полицияның 31 адамы және 5 техникасы жұмылдырылды.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
