18.03.2024, 13:47
Оқиғалар
Алматыда өгей қызын өлтірген әйел 20 жылға сотталды
Сот үкім шығарды
Фото Дина Таңсәрінің Facebook парақшасынан
Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбекке қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сотталушының қылмыстық әрекеттері сараптама қорытындысымен дәлелденді.
Прокурор ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігі бойынша сотталушыға 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сотталушы тағылған айыпты толық мойындаған жоқ.
«Сот үкімімен Балжан Тұрлыбек кінәлі деп танылды, оған 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушыға қатысты ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ», - деп хабарлады Алматының ауданаралық сотында.
Еске салайық, жеті жастағы қыз 2023 жылдың шілде айында қаза тапқан еді.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
