$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.02.2024, 18:33
Оқиғалар

Автокөлігін заңсыз рәсімдегісі келген ақтөбелік ақшасынан айырылды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Автокөлігін заңсыз рәсімдегісі келген ақтөбелік ақшасынан айырылды
Фотоколлаж Azattyq Rýhy

Полиция бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз ер адам алаяқтық жолмен одан 300 мың теңге алып, жақын шетелден әкелінген автокөлікті есепке қоюға көмектесуге уәде бергені, алайда, уәдесін орындамағаны туралы арызданды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Манғыстау облысының 18 жастағы тұрғыны болып шықты, күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ұсталған адамның тағы екі эпизодқа қатысы бары анықталды.

Алаяқтық факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Кейбір азаматтар жағдайды пайдаланып белгілі бір сомаға автокөлікті есепке қоямын деп сан соқтырады. Ақтөбе облысының полиция департаменті осындай қызмет түрлерінен бас тартуды ұсынады.

Серіктес жаңалықтары