27.02.2024, 21:29
Оқиғалар
Елордада көпірден секірмек болған жігіт құтқарылды
Оған психологиялық көмек көрсетілді
Видеодан алынған кадр
Елордада күйзеліске түскен жас жігіт көпірден секірмек болды. Сығанақ көшесіндегі басты өткелге шығып алған азаматты түн жарымда көлік жүргізушілері байқап қалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер әуелі жігітті әңгімеге тартып, біраз сөзге айналдырады. Қоршаудың ұшар бетінде бір қолымен әрең ілініп тұрған ол бірнеше минуттан кейін сақшылармен тілдесіп, сұрақтарына жауап қатады. Осы тұста оңтайлы сәтті ұтымды пайдаланған полицейлер суицид жасамақшы болған жігітті белінен шап беріп ұстап, қоршаудың бергі бетіне шығарып үлгерген. Қазір алпамсадай азаматтың не себепті өмірімен қош айтысқысы келгені анықталып, оған психологиялық көмек көрсетілді.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді