Қостанай облысындағы қатты боран салдарынан болған залал қалпына келтірілуде
7 сәуір күні Қостанай облысында қатты боран соққан еді
7 сәуір күні Қостанай облысында қатты боран соғып, желдің екпіні 37 м/с-қа дейін жетті. Бұл электр беру желілерінің бұзылуына әкеп соқты. Оның ішінде «KEGOC» АҚ-ның электр беру желілері өшірілді, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Электр беру желілерінің зақымдалуы нәтижесінде ВЛ-500 кВ «Қостанай-Сокол», «Қостанай – Челябинская», «Жітіқара-Сокол», «Сокол – Есіл», «Қостанай – Көкшетау», сондай-ақ ВЛ-220 кВ «Сокол-Заречная», «Сокол-Качар», «Сокол-Лисаковская» ажыратылды.
«Облыста ажыратылған жеке және заңды тұлғалардың саны шамамен 40 000 абонентті құрады. Бастапқыда «KEGOC» АҚ-ның электр желілерінде бұзушылықтар болып, соның салдарынан «Межрегионэнерготранзит» ЖШС, «ЭПК-forfait» ЖШС-ның желілері ажыратылды. Жоғарыда аталған барлық ұйымдардың білікті қызметкерлері өз желілерінде туындаған авариялық жағдайды жою бойынша жұмыстарды үнемі жүргізіп отырды», - деп жазылған хабарламада.
Қарлы боран салдарынан жолдың көрінбеуі авариялық бригадалардың шығуына қиындық туғызды. Жұмыс жүргізу орындарына өту жолдарының болмауынан жұмыстарды жүргізу қиынға соқты. Қостанай облысы ТЖД мен әкімдігінің автотехникасы тартылды. Жедел қызметтер ауа райының күрделі жағдайына қарамастан, өңірді электрмен жабдықтауды қалпына келтіру бойынша шұғыл шаралар қабылдады.