$ 497.26  525.21  4.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.02.2024, 09:59
Оқиғалар

Өткен айда жоғалып кеткен: Қосшы қаласының екі тұрғыны іздестіріліп жатыр

Оларды іздеу бойынша полиция қызметкерлері мен еріктілер тартылды

Өткен айда жоғалып кеткен: Қосшы қаласының екі тұрғыны іздестіріліп жатыр
Фото: instagram.com/aqmola_pd

Ақмола полицейлері өткен айда Қосшы қаласында жоғалып кеткен екі тұрғынын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаменінен хабарлағандай, 19 жастағы жігіт 23 қаңтарда үйден шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

«Қосшы қаласының полиция бөліміне 7 ақпанда 43 жастағы әйелден арыз түсті. Онда 23 қаңтарда Астана қаласына серуендеуге кеткен Ершинов Абылайхан Дарынұлын іздеуге жәрдемдесу туралы айтылған.

19 жастағы Абылайханның киімдері: қара шәпке, қара шалбар, қара аяқ киім. Белгілері: бойы 168 см, дене бітімі орташа, шашы қысқа, қара», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ 13 ақпанында сағат 20.00 шамасында Қосшы қаласының полиция бөліміне 41 жастағы әйел көмек сұрап жүгінген.

«Ол 2024 жылдың 6 қаңтарында үйден шығып кетіп, бүгінгі күнге дейін байланысқа шықпаған 36 жастағы інісін іздеуге көмектесу туралы өтінген. Ер адамның орналасқан жері белгісіз.

Үйден шыққанда үстінде көк күрте, қара қалпақ, джинсы шалбар, аяқтарында ақ қысқы кроссовка киген», - делінген ПД хабарламасында.

Екі өтініш берушінің айтуынша, жоғалып кеткендер бұрын үйден кетіп қалған жағдайлар болған, бірақ әрқашан орналасқан жері туралы хабарлап отырған.

Қосшы қаласының КПБ қызметкерлері жоғалған адамдарды іздеуге Астана қаласына барып, оң нәтиже бермеді. Жоғалған адамдарды іздеу бойынша іздеу операциясына облыс ПД қызметкерлері мен еріктілер тартылды.

Біз кез келген ақпараты бар адамды осы телефон нөмірлері арқылы байланысуға шақырамыз. 8-(716-51) 79-721, «102», 8-708-354-03-82, 8-705-657-65-55, 8-702-520-40-00.

Серіктес жаңалықтары