16.02.2024, 09:06
Оқиғалар
СҚО-да жол апаты болып, бір адам қаза тапты
Көліктер арнайы тұраққа қойылды
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі
Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар тасжолда жеңіл көлік пен «КамАЗ» соқтығысып, соның салдарынан жүргізуші қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық ПД хабарлауынша, қайғылы оқиға 14 ақпанда кешкі сағат 21.40 шамасында республикалық маңызы бар Петропавл – Есіл тасжолының бойында болған.
«Қызылжар ауданында «Лада Приора» мен «КамАЗ» көліктері соқтығысып, соның салдарынан «Лада» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты», - делінген ПД хабарламасында.
Аталған дерек «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бабы бойынша ҚР ҚК-не тіркелді.
Көліктер арнайы тұраққа қойылды.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды