Стамбулдағы сот сарайының алдында атыс болып, екі адам қаза тапты

Шабуыл жасаушылардың DHKP/C террористік ұйымының мүшесі екені анықталды  

Стамбулдағы сот сарайының алдында атыс болып, екі адам қаза тапты
Фото: Oğuz Yeter / AA

Стамбулдағы сот сарайының алдында атыс болып, екі адам көз жұмды. Бірнеше адам жараланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Түркия Ішкі істер министрі Әли Ерликаяның мәлімдеуінше, сот ғимаратына террористік шабуыл ұйымдастырған ер адам мен әйел оққа ұшты.

«Бүгін сағат 11:46-да Чаглаян ауданындағы сот ғимаратының бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасалды. Шабуыл жасаушы әйел мен ер адамға полицейлер оқ атып, өлі күйінде ұстады», - деді Ерликая.

Сондай-ақ, ІІМ шабуыл жасаушылардың DHKP/C (Революциялық халық-азаттық партиясы/майдан) террористік ұйымының мүшелері екенін хабарлады. Олардың аты-жөні анықталды.

Шабуыл кезінде 6 адам жараланды, оның үшеуі полиция қызметкері.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.