$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.02.2024, 21:41
Оқиғалар

Шымкентте белгісіз дәрі ішкен 15 жасар қыз сабақ үстінде қайтыс болды

Қазіргі таңда құзырлы орган өкілдері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр

Шымкентте белгісіз дәрі ішкен 15 жасар қыз сабақ үстінде қайтыс болды
Фото ашық дереккөзден

Шымкентте белгісіз дәрі ішкен 15 жасар қыз сабақ үстінде қайтыс болды, Бұл туралы Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Білім басқармасының мәліметінше, Низамхан орта мектебінің 8-сынып оқушысы үйінен белгісіз дәрі ішіп келген.

Бұл жайында ол құрбысына айтқан. Содан екінші сабақта есінен танып қалған.

Тарих пәнінің мұғалімі мен сынып жетекшісі жедел жәрдем қызметін шақырған. 

«Мектеп медбикесі алғашқы көмек көрсетті. Жедел жәрдем қызметкерлері зонт арқылы асқазанын шайды. Оқушы өзін жайсыз сезінгендіктен ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, 2009 жылы туған жасөспірім аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Қазіргі таңда құзырлы орган өкілдері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», - делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары