БҚО-да мектеп оқушысы оқ жарақатын алды

Баланың ата-анасы шағым жазудан бас тартты

БҚО-да мектеп оқушысы оқ жарақатын алды
Фото: iStock/IndiaUniform

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті жазатайым оқиғаның Ақжайық ауданында болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мой город» порталының жазуынша, 30 жастағы ер адам абайсызда мектеп оқушысына оқ атып жіберген. Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы «Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Аудандық білім бөлімі оқиғаның 3 ақпанда болғанын мәлімдеді.

«17 жастағы 11-сынып оқушысы ағасымен аңға шыққанын айтты. Сол жерде жарақат алған. Біз оқиғаның қалай болғанын білмейміз, бірақ қару атылған соң бытыра көзіне, бетіне және мойнына тиген. Мектеп оқушысы аман-есен. Ата-анасы шағым айтқан жоқ»,  - деп түсіндірді білім бөлімі.

Ал аудан әкімі аңға шыққандардың ішінде кәмелетке толмаған бір бала болғанын, қалғандары ересек адам екенін мәлімдеді. Аңшылардың мылтық қолдану бойынша тиісті рұқсаты болған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.