$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.04.2020, 09:16
Оқиғалар

Алматыда коронавирус жұқтырған 64 жастағы науқас көз жұмды

Қазақстанда тағы 21 адам коронавирус жұқтырған

Алматыда коронавирус жұқтырған 64 жастағы науқас көз жұмды

Қазақстанда COVID-19 вирусының құрбандары тоғыз адамға жетті деп хабарлайды Мемлекеттік комиссия жанындағы шұғыл штаб өкілдері.

Соңғы өлім жағдайы Алматы қаласында тіркелген. Марқұм 1964 жылы туған жергілікті тұрғын.

Сондай-ақ, соңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус індетін жұқтырған тағы 21 адам тiркелген: Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Маңғыстау облысында - 2 адам, Қызылорда облысында - 4 адам, Атырау облысында - 3 адам, Шымкент қаласында - 4 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Қарағанды облысында - 4 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 1 адам. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты жариялады.

«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 226 адам, Алматы қаласында – 122 адам, Қарағанды облысында - 61 адам, Ақмола облысында - 61 адам, Атырау облысы - 45 адам, Жамбыл облысында - 45 адам, Шымкент қаласында - 31 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 3 адам, Маңғыстау облысында - 9 адам, Қызылорда облысында - 104 адам, Батыс Қазақстан облысында - 6 адам, Түркістан облысында - 34 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 802 науқас тіркелді», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 9 сәуір күні елімізде коронавирустан сегізінші адам қайтыс болған еді. Дәрігерлер 84 жастағы Павлодар тұрғынының басқа да ауруы көп болғанын хабарлады. Атап айтқанда, марқұм бұған дейін қатерлі ісікпен, өкпе, жүрек ауруларымен ауырған.

Серіктес жаңалықтары