30.01.2024, 21:28
Оқиғалар
Таразда автобус жүргізушісі адамды қағып, үстінен жаншып өткен
Көлік жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото ашық дереккөзден
Таразда автобус жүргізушісі адамды қағып, үстінен жаншып өткен. 47 жастағы азамат сол жерде жан тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.
Куәгерлер түсірген бейнежазбаға қарағанда, қоғамдық көлік жүргізушісі өзге автобустан озбақшы болған. Сол сәтте жол шетінде тұрған тұрғынды қағып кеткен. Полиция департаменті көлік жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғады.
«Жолаушылар автобусының жаяу жүргіншіні қағып кету дерегі бойынша, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі таңда автобус жүргізушісіне қатысты бұлтарпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Сот сараптамалары тағайындалды», - деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды