Қостанайда клиенттің таксиде шу шығарған видеосы тарады
Қыздың полицияға жүгінуіне жүргізушімен арада туындаған жанжал себеп болған
Қостанайда клиенттің таксиде шу шығарған видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қостанай облысы Полиция департаменті ұсынған мәліметке сүйенсек, 2023 жылдың 24 желтоқсанында Қостанай полициясына тұрғын хабарласып, такси жүргізушісі екеуі арасында жанжал туындағанын хабарлаған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен.
«Бұл ретте қыз мазасыз болған. Осыған байланысты жағдайы нашарлаған. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оны тексеріп, көмек көрсетті. Полицейлер такси жүргізушісінің әрекетінен ешқандай құқықбұзушылықты көрмеді. Осыған байланысты материал номенклатуралық іске (мұрағатқа) есептен шығарылды. Ол такси жүргізушісіне талап қоюдан бас тартты», - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қыздың полицияға жүгінуіне жүргізушімен арада туындаған жанжал себеп болған. Такси жүргізушісі қыздың нақты тұрған жеріне емес, мобильді қосымшада көрсетілген мекенжайға келген көрінеді.