$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде кәсіпкерден ірі көлемде ақша бопсалаған екі күдікті ұсталды

Полицияның арнайы қызметі күдіктілерді ақшаны алып жатқан кезде ұстады

Ақтөбеде кәсіпкерден ірі көлемде ақша бопсалаған екі күдікті ұсталды
видеодан кадр

Ақтөбеде кәсіпкерден 35 млн теңге ақша бопсалаған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын өткізу кезінде екі күдіктіні ұстады. Олар Ақтөбе қаласының кәсіпкерін қорқытып, 35 млн теңге ақша бопсалады.

«Күдіктілер бұған дейін де ішкі істер органдарының есебінде тұрған. Бұл жолы кәсіпкерден ақшаның бір бөлігін алып жатқан кезде қолға түсті. Бұған дейін жәбірленушіден алынған 4 млн теңге, бірнеше ұялы телефон, банк карталары мен пышақ тәркіленді. Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Серіктес жаңалықтары