$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.01.2024, 14:53
Оқиғалар

Оралда медсақтандыруы жоқ тұрғынға дәрігерлер ем көрсетуден бас тартқан

Марқұм дертке шалдыққанға дейін қара жұмыс істеген

Оралда медсақтандыруы жоқ тұрғынға дәрігерлер ем көрсетуден бас тартқан

Аты жаман ауруға шалдыққан оралдық Тұралбек Биғалиевтің оқиғасы естіген жанның төбе құйқасын шымырлатпай қоймады. Екі айдай уақыт төсекке таңылған науқас әлбетте, еңбекке жарамсыз болып қалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy 24kz арнасына сілтеме жасап.

Марқұмның ақтық демі үзілгенше аузына су тамызып, жаялығына дейін ауыстырып отырған - ұлы Едіге. Жасөспірім жігіттің тілшілермен тілдесуге құлқы болмағасын, көршісі Ларисаны сөзге тарттық.

«Ауруы жанына батқаны соншалық, күні-түні айқайға басатын. Дертке шалдыққанға дейін қара жұмыс істеген. Ешқандай да ресми аударым болған жоқ. Тиісінше, медициналық тұрғыда сақтандырылмаған. Жергілікті дәрігерлерге жүгінгенінде сақтандыру болмағандықтан, ем көрсетуден бас тартыпты. Туыс-туғандары 3 айдың ақшасын төлеп еді. Бірақ ол қаражат еміне жұғым да болмады», - дейді Октябрьское ауылының тұрғыны Лариса Могила.

Осы ретте қор төрағасының орынбасары МӘМС жарнасын ай сайын төлеп отыру міндетті екенін айтады. Қазір 16 млн қазақстандық осы жүйеге тіркелген екен. Ілияс Мұхамеджан сондай-ақ қордың қызметіне көңілі толмайындардан әр адамның жеке өзіне тиесілі дербес шоты ашылса дегенді жиі еститінін айтады. Бір қарағанда тым тәуір идея ғой деген ойға қаласың, бірақ қор төрағасының орынбасары мұны мүлде құптамайды.

«Бір азамат дербес төлеуші, өзінің шотына айына 4200 теңге төлейді. Жылына шамамен 51 мың теңге. Сіздің дербес шотыңызда жиналды. Ал сол азаматқа медициналық көмек керек болып қалды. Шұғыл болсын, жоспарлы болсын. Сонда сіз осы 51 мың теңгені неге жаратасың? Қаншаға жетеді деген сұрақ туады. Мысалы түрлі анализдер тексерістердің өзі 50 мыңнан астам болуы мүмкін. Ал ең арзан деген ота операция 150 мың тұрады», - деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы орынбасары Ілияс Мұхамеджан.

Серіктес жаңалықтары