$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.01.2024, 16:37
Оқиғалар

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісі соққыға жығылды

Зардап шегушінің миы шайқалып, мұрын сүйектері сынған

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісі соққыға жығылды
фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соғу туралы видео пайда болды. Оқиға Қарағандыда болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жағдайға қатысты өңірдің полиция департаменті түсініктеме берді.

Жарияланған кадрларда ер адамның жедел жәрдем жүргізушісімен дөрекі сөйлесіп жатқанын көруге болады. Екеуара түсінспеушілік жедел жәрдем көлігін тұраққа қою мәселесінен туындаған.

Бір кезде ер адам жедел жәрдем қызметкеріне бірнеше рет соққы берді. Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушіге дене жарақатын салған ер адамды анықтағанын хабарлады.

«Оны ұстауға қажетті шаралар қабылдануда. Бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп түсіндірді ведомстводан.

Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шегушінің миы шайқалып, мұрын сүйектері сынған.

Серіктес жаңалықтары