27.01.2024, 14:44
Оқиғалар
Алматы облысында дәнекерлеу цехындағы өрт шықты
Жақын орналасқан жеке тұрғын үйге оттың тарауына жол берілмеді
Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданы Белбұлақ ауылында дәнекерлеу цехының жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу жіберілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қабылданған шаралардың арқасында лак-бояу өнімдері сақталған қойманың барлық алаңына және жақын орналасқан жеке тұрғын үйге оттың тарауына жол берілмеді.
Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 39 қызметкері мен 13 техникасы, Алматы қаласы ТЖД 5 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.
Көп оқылған
15.05.2026, 14:09
«Жетпіс мың теңге үшін көкбауырын үзіп жіберген»: Алматы облысында тағы бір бозбала төбелестен көз жұмды
15.05.2026, 17:03
Жол сапасы назарда: Ақмола облысында ондаған зауыт тексеріліп жатыр
15.05.2026, 15:53
Семейде ер адам бүлдіршіндерге қарап тұрып, ұятсыз әрекет жасады (ВИДЕО)