Талдықорғанда мешітте ұрлық жасап жүрген ер адам бейнекамераға түсіп қалды

Azattyq Rýhy

Бүгінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр

Талдықорғандағы мешітте аяқкиім ұрлаған күдікті бейнекамераға түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Талдықорғанда мешіттердің бірінен намаз кезінде аяқкиім ұрлаған азаматтың әрекеті бейнекамераға түсіп қалған.

«Қалалық полиция қызметкерлері 29 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Күдіктіні бейнебақылау камераларының көмегімен анықтауға мүмкіндік туды. Ұсталған адам ұрлыққа қатысын жоққа шығармайды, кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініп отыр», – деді Талдықорған қаласы полиция басқармасының бастығы Ернар Ширбаев.     

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамға қатысты келу туралы міндеттеме процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.