$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.04.2020, 10:38
Оқиғалар

Түркістанда Өзбекстаннан келген 6 жезөкше мен олардың жеңгетайы ұсталды

Притон ұйымдастырған «сутенер» қолхатпен үйіне жіберілген

Түркістанда Өзбекстаннан келген 6 жезөкше мен олардың жеңгетайы ұсталды

Түркістан облысының полицейлері жеңгетайлықпен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады деп хабарлайды Polisia.kz. Күдікті өзінің моншасын притонға айналдырған.

Қаладағы сауналардың бірінде жезөкшелердің қызмет көрсететіні туралы ақпарат полицейлерге 4 сәуірде келіп түскен. Жедел іздестіру барысында тәртіп сақшылары жеңгетайлықпен айналысқан күдіктіні ұстады және оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы (жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша іс қозғалды.

«Күдікті жеңіл жүрісті қыздардың қызмет көрсетуін ұйымдастырып, үстінен сыйақы алып, жеңгетайлықпен айналысқан. Айғақты зат ретінде жедел уәкілдер оқиға орнынан ақша тәркіледі. Полиция қызметкерлері тексеру барысында жеңіл жүрісті алты қызды анықтады. Олар Өзбекстан азаматшалары екені белгілі болып, Түркістан қаласының азаматтарды қабылдап тарату орнына қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген полиция таратқан хабарламада.

Күдікті қолхатпен үйіне жіберілген. Полицейлер істің толық мән-жайын анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары